Білім және денсаулық дамыту кеңесі өтті
"Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның қатысуымен Білім және денсаулық дамыту сұрақтар кеңесінің төрайымы Нагиева Акжаркын Акбалаевна кеңестің үшінші отырысын өткізді. Кеңесте "Білім және денсаулық саласындағы мамандар тапшылығы, шешу жолдары" мәселесі қаралып, тыңдалды. Биылғы оқу жылында білім саласына 12 жас маман қабылданса, денсаулық саласы 3 дәрігер, 4 медицина қызметкерлерімен толыққан. Қоғамдық кеңес мүшелерінің кадр мәселесі бойынша сұрақтарына мамандар тарапынан жауап алынды.
