Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Білім сапасы: жаңартылған білім мазмұнын іске асыру жағдайында жаңа ұстанымдар»

2017 жылдың 18 тамыз күні облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім сапасы: жаңартылған білім мазмұнын іске асыру жағдайында жаңа ұстанымдар» тақырыбында басшы кадрларға арналған тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық жұмысы өтті.

Секция отырысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының қазақстандық патриотизмді дамытудағы рөлі», «Жаңартылған білім беру мазмұны және жалпы орта білім беретін мектептер педагогтерінің жаңа кадрлық рөлінің жүйесі», «Жаңартылған білім беру мазмұны: бүгінгі сабаққа қойылатын талаптар», «Облыстық ардагерлер кеңесінің жұмысы», «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы», «Тәрбиелік құндылықтар: жаңа жобалардың мәні неде?», «Білім беру ұйымдарында жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуда бірлескен әлеуметтік психологиялық қызмет», «2017-2018 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, баяндама оқыды. Іс-шара барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
1305

Осы тақырып бойынша