Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім саласындағы жемқорлық құқықбұзушылықтары қаралды

2019 жылдың 20 мамырында Батыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ. Оспанқұловтың төрағалығымен өткен облыстық білім басқармасының ведомствоға бағынысты мекемелерінің жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске облыстық әкімдіктің кәсіптік білім беру саласына жетекші мамандары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаменті (Сыбайласжемқорлыққа қарсы қызмет) өкілдері, білім басқармасының кәсіптік білім беру бөлімі қызметкерлері мен есепшілері, колледж директорлары қатысты.

Кеңесте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен енгізілген «Зеленов колледжі» МКҚК лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша аяқталған қылмыстық іс бойынша ұсынымы қаралды.

Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары С. Мұстафин білім саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы туралы мәлімдеп, қызмет барысында пайда болатын жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсыныстар берілді.

Департамент басшысының орынбасары А. Жұбаныш өз баяндамасында облыстағы колледждердегі жемқорлық жағдайы туралы жүргізілген сауалнама қорытындысына тоқталып, сауалнама нәтижесі бойынша колледждерге енгізілген ұсыныстардың орындалу барысы талқыланды.

Шараға қатысушыларының – оқу орындары басшылары мен педагогтардың өскелең ұрпаққа үлгі болар тұлға болғандықтан, азаматтар мен мемлекет мүддесіне адал қызмет етуге шақырылды.

Сонымен қатар, кездесу барысында Агенттік қызметімен жөнінде және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің резонансты істері бойынша бейнеролик көрсетілді.

0
0
267

Осы тақырып бойынша

Білім саласындағы жемқорлық құқықбұзушылықтары қаралды - Yvision.kz