Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім ордасындағы жөндеу жұмыстарына мониторинг жасалды

Бүгін партияның Шалқар аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссия мүшелері Жанақоныс ауылдық округі Аққайтым ауылындағы Жанақоныс жалпы орта білім беретін мектебінде жүргізіліп жатырған күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Ағымдағы жылдың 25 мауысымында басталған білім ошағын жаңартуға жергілікті бюджеттен 95 339,2 мың теңге бөлініп, толықтай игерілу үстінде. Ауылдық округ әкімі Каюпов Манас Серікбайұлының айтуынша, күрделі жөндеу кезінде нысанның іші-сырты боялады, жылу, су және кәріз жүйелері жаңартылады, мектеп ауласы қоршалмақ. Спорт залы мен асханасына заманауи жарықшамдар қойылады. Қараша айының аяғында бітеді деп жоспарланған жөндеу жұмыстарының бүгіні күні 80 пайызы жасалған. Партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Әбдіғапарова барлық жұмыстарды өз мерзімінде аяқтау және мектеп аумағын абаттандыру қажеттігін атап өтті. Айта кету керек, аталған білім ордасында 95 оқушы білім алып жатыр.

1
0
158

Осы тақырып бойынша

Білім ордасындағы жөндеу жұмыстарына мониторинг жасалды - Yvision.kz