Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім министрі: Тілегіміз – балаларымыздың бақытты болуы және жақсы білім алуы

Отырыста сөз алған К. Шамшидинова білім беру бағытындағы біраз саланы қамтыды. Мәселен, ұстаздардың шеберлігі. Басты қаралатын мәселе – ұстаздар қауымының білікті болуы, оларды үнемі оқытуды жалғастыру. Бұл шара 2012 жылдан бастап біртіндеп мектептерге енгізіліп келеді. Ағымдығы жылы психологтар мен сынып жетекшілерінің біліктілігін көтеру ұйымдастырылмақ. Қазір мектептерде 7 мың психолог бар. Алда 143 мың ұстазды арнайы курста оқытып, білімдерін жетілдіруді жоспарда бар.

Келесі баса көңіл бөлуді талап ететін бағыт – білім берудің заманға сай болуы. Яғни, жаңартылған білім беру. Жалпы, білім беру саласында білімді жаңарту әрі замана талабына сай ету тоқтамай жүзеге асырылып отыру керек талаптардың бірі. Сондай-ақ, балаға тек дайын білімді беріа қана қоймай, оны ойлануға, мәселені шешуге талпындыратын әдістерді қолдану да аса маңызды. Яғни, мұғалім тапсырма мен жауаптар нұсқасын дайындаса, бала тапсырманы орындап, сұраққа жауап беруі тиіс. Соның арқасында жаңа сабақты жақсы түсініп, сапалы білім алады. Әрине, бұл жерде мұғалімнің дайындығы жоғары болуы керек. Сондықтан, да қазір министрлік ұстаз білімі мен біліктілігін көтеруді басты мақсат етіп отыр. Жоғары және техникалық, кәсіби білім беру орындарындағы оқу бағдарламалары нарық талаптарына сай келіп, қоғамға қажетті мамандарды дайындап шығуы керек.

Отырыс барысында тағы бір көтеоілген мәселе – жалақы мәселесі болды. Ең алдымен, білім беру саласындағы төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысы диференциалдау тәсілімен 30%-ға көтеріледі. Атап айтқанда: еден жуушы, электрик, күзетшілер. Бұл тізімге педагог қызметкерлердің тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, психолог, әлеуметтік педагог секілді бірқатар санаттары да кіреді. Педагог қызметкерлердің жалақысын көтеру 2010 жылдан бері тұрақты түрде, біртіндеп жүргізіліп келеді. Соңғы рет жалақы 2018 жылы, мұғалімдердің біліктілік аттестациясы нәтижесінде көтерілді.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 18 наурызында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Қ.Н. Шамшидинованың төрағалығымен өңірлерді байланыстыратын бейнеконференция режимінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы болып өтті.

Отырыс барысында: Мектеп оқушылары арасында өзін-өзі өлтіру әрекетін болдырмау және азайту үшін ата-аналарды агрессиямен күресуге үйрету керек, жақын адамдарымен қарым-қатынаста ашуланбай, ашу-ыза мен ренішсіз өз сезімдерін білдіруге болады, - деген пікір айтылды.

ВАК отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен С.М. Айтпаев, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Кезектен тыс кездесудің мақсаты - кәмелетке толмағандар арасында өзін-өзі өлтіруге жол бермеуге бағытталған шұғыл шаралардың бағдарламасын қабылдау.

Бүгінгі күні кәмелетке толмағандар арасында өзін-өзі өлтіру мінез-құлқы - ең өзекті мәселелердің бірі. Мектеп оқушылары мектеп психологтары мен тәрбиешілердің көмегіне жүгінеді. Оқушылар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін болдырмау және азайту үшін ата-аналарды агрессияшылдықпен күресуге үйрету керек, жақындарымен қарым-қатынаста ашуланбай, ашу-ыза мен реніштерсізсіз өз сезімдерін білдіруге болады.

Министрлік жергілікті атқарушы органдардың профилактикалық жұмыстарының жай-күйін талдап, өңірлерге сапарларды ұйымдастырды, мұғалімдер мен ата-аналармен кездесулер өткізді. Талдаудың нәтижесі бойынша, балалардың өзін-өзі бұзатын мінез-құлқының көбінесе ата-анасының балаларына жеткіліксіз көңіл бөлуі нәтижесінде және отбасындағы түсінбеушілік салдарынан болатыны нақтыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалды.

Назар аударарлық ақпарат, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылғы 18 наурызда 23 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады және 81 жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіруге әрекет жасалды. 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзіне-өзі қол жұмсау саны 17,9% -ға (2017 - 28) төмендеді, суицид әрекеттерінің саны 47,3% -ға (2017 - 55) өсті.

0
0
353

Осы тақырып бойынша