«Білім мен ғылымды дамыту, ұлт денсаулығы мәселелері» бойынша кеңес
Баршаңызға мәлім ағымдағы жылдың 4 сәуір күні «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, ең алдымен партияның сайлауалды уәделерінің орындалуына жүйелі бақылау, бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына монинторинг жасау қамтамасыз етіледі. Тиісінше аумақтық және аймақтық партия филиалдары жанынан қоғамдық кеңестер құрылып, облыстық және аудандық Саяси кеңес бюроларының қаулысымен бекітілді.
«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанынан құрылған «Білім мен ғылымды дамыту, ұлт денсаулығы мәселелері» бағыты бойынша аудандық қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.
Күн тәртібінде 3 мәселе.
1. Кеңестің негізгі міндеті, жергілікті жерлердегі Сайлауалды бағдарламалар туралы.
2. Аудандық «Білім мен ғылымды дамыту, ұлт денсаулығы мәселелері» бойынша кеңес мүшелерін таныстыру.
3. Қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту.
«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанынан құрылған «Білім мен ғылымды дамыту, ұлт денсаулығы мәселелері» бағыты бойынша аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы болып – Талкамбаева Айжан Жакыпбековна тағайындалды.
