Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім күніне орай өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында «Адалдық сағаттары» ұйымдастырылуда

2019 жылдың 2 қыркүйек күні Жалпы орта білім беретін эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы базасында «Адалдық сағаты» өткізілді.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Самет, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары З.Гумарова және мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларды парасаттылық, адалдық және мейірімділік негіздеріне оқыту болып табылады.

Н.Самет өз сөзінде балаларды адалдыққа, парасаттылыққа және патриотизмге шақырды.

Кездесу барысында Н.Самет оқушылардың қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берді.

Шара соңында оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыруға өз үлестерін қосатындарын атап өтті.

«Адалдық сағаттары» ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылуда.

1
0
378

Осы тақырып бойынша

Білім күніне орай өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында «Адалдық сағаттары» ұйымдастырылуда - Yvision.kz