Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы: қазіргі заманғы модель, даму үрдістері және перспективалары

2018 жылдың 7 тамызында облыстық тамыз педагогикалық кеңесі аясында Батыс Қазақстан облысының Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы: қазіргі заманғы модель, даму үрдістері және перспективалары»тақырыбындасекциялық жұмыстары өтті.

Секцияотырысынатәрбие жұмысына, әлеуметтік-психологиялық қызметіне басшылық жасайтын АӘК (ҚӘК) әдіскерлері және инклюзивті білім беру саласына жетекшілік ететін мамандары, білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтер, әлеуметтік-педагогтер, арнайы мектеп – интернат директорлары, оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары, психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық кеңес беру мекемелері, психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттерінің меңгерушілері, дефектологтері, логопедтері, тәрбиешілері, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, түзету сынып педагогтері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары, әдіскерлері және педагогтеріқатысты.

Пленарлық мәжілісбарысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, ішкі істер департаменті және тағы басқа мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастаруды сыныптан тыс шаралар арқылы іске асыру, білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиялогиялық талаптар мәселелерін жан-жақты талқыланды.

Ал, секциялық жұмыстарда «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру жағдайы», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбие берудегі қазіргі заманауи тәсілдері», «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы сынып жетекшінің рөлі»,«Балалардың құқықбұзушылығы мен психологиялық денсаулығының алдын алу бойынша жұмыстар», «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру және үйлестірудегі жаңа тәсілдері», «Ерекше білім беруді қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қазіргі заманғы педагогикалық түзету және тәрбиелеу технологиялары», «Мектеп, отбасы және қосымша білім беру ұйымдарының балалардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамуындағы рөлі»бойынша шығармашылық шеберханалар мен шебер сыныптары өткізілді.

1
0
706

Осы тақырып бойынша

Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы: қазіргі заманғы модель, даму үрдістері және перспективалары - Yvision.kz