Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім беру ұйымдарында «Адалдық сағаттары» ұйымдастырылды

2019 жылдың 2 қыркүйек күні «Ақжайық адалдық алаңы» жобасы аясында «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МКҚК базасында «Адалдық сағаты» өткізілді.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті өкілдері, жобалық кеңсе қызметкерлері және колледж ұстаздары мен студенттері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларды парасаттылық, адалдық және мейірімділік негіздеріне оқыту болып табылады.

«Адалдық сағаттары» ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылуда.

0
0
462

Осы тақырып бойынша

Білім беру ұйымдарында «Адалдық сағаттары» ұйымдастырылды - Yvision.kz