Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім беру мекемелері жемқорлыққа қарсы оқытуды қолға алды

Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мамандарының қатысуымен, жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу бойынша Петропавл қаласы № 2 орта мектебінің 9 сынып оқушыларына арналған ашық сабақ өткізілді.

Интерактивті түрде өрбіген сабақ аясында, оқушылар «жемқорлық» түсінігінің мағынасын ашып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды талқылады.

Айта кететін болсақ, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарын жүзеге асыру мақсатында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, оқу орындарында ашық сабақ өткізудің типтік жоспарын әзірлеген және өңіріміздің барлық білім мемелеріне жолдаған болатын.

2015-2016 оқу жылында аталған сабақтармен, Солтүстік Қазақстан облысындағы 534 жалпы білім беру мектебінің 8-11 сынып оқушыларын және 27 колледждің студенттерін қамту жоспарланған.

Бұған қоса, 2015-2016 оқу жылының басталуымен «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы оқыту, білім беру ұйымдарының тәрбие жоспарларына енгізілгендігін атап өткен жөн.

0
0
819

Осы тақырып бойынша

Білім беру мекемелері жемқорлыққа қарсы оқытуды қолға алды - Yvision.kz