Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біліктілікті арттыру курстарында жемқорлыққа қарсы дәріс оқылды

💯Орал қаласында облыс педагогтарына арналған «Қосымша білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға рухани-эстетикалық тәрбие беру» біліктілікті арттыру курсы өтуде.

🔴Курс Қазақстан «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-мен Республикасы Білім және ғылым минитсрлігінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылды.

♻️Аталған курс аясында 2019 жылғы 1 қараша күні курс тыңдаушыларына департамент басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыптарында дәріс оқыды.

✔️Педагог қызметкерлерге еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының бағдары, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңашылдықтар, сонымен қатар, рухани және мәдени құндылықтардың маңыздылығы түсіндірілді.

0
0
253

Осы тақырып бойынша

Біліктілікті арттыру курстарында жемқорлыққа қарсы дәріс оқылды - Yvision.kz