Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білікті жас кадрлар-еліміздің табысты дамуы

27.10.2020ж. ZOOM платформасы арқылы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында "Білікті жас кадрлар - елдің табысты дамуы" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысын «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары С.Е.Байтенова жүргізді.

Аталған тақырып бойынша «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері И.Базарова мен Р.Душаханова баяндамалар оқып, жастардың бүгінгі таңдағы жұмыстарына тоқталды.

Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті, білімді маман, болашақ отбасының тірегі, еліміздің байлығы, болашағы. Жас мамандар – қоғамның қозғаушы күші.

Елімізде кадрларды даярлаудың қабырғалы жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл қоғам алдында тұрған ірі мәселе қазақстандық компаниялардың білікті кадрларды қажет етуінде, ал жоғары оқу орындарының жұмыс орындарына деген қажеттілігіне жауап береді. Аталған жүйе жастарға кәсіби біліктіліктерін арттыруға және оларды жұмыспен қамтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Жас мамандарды қолдау, бағыттау мақсатында көп жұмыстар жүргізілуде. «Шәкіртке ұстаз болу-ірілік» жас педагогтер фестивалі жалпы білім беретін ұйымдар педагогтерінің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған, педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашып көрсету, кәсіптік белсенділік пен азаматтық бастаманы дамыту, жас педагогтердің кәсіптік және әлеуметтік бейімделу үрдісін жеделдетуге ықпал жасау мақсатында өткізілді. Бұл басқосу педагогтің өзін-өзі танытуға, жеке идеяларын жүзеге асыруға, таланттарын көрсетуге мүмкіндік ұсыну арқылы ерекше қарым-қатынас жасау, шығармашылықтар мен жаңа табыстар әлемі бола алды.

Қазақстан көшбасшысының бастамасымен жалпы ұлттық: «Ауыл жастары», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі» және «Жасыл ел» сынды жастардың жобалары жұмыс жасауда. Жыл сайын жоғары оқу орындары мен колледждерді бітірген мыңдаған жас мамандар сенімді жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп отыр. Осы қолдаулардың өзі жастардың сенімділігін арттырады.

0
0
151

Осы тақырып бойынша

Білікті жас кадрлар-еліміздің табысты дамуы - Yvision.kz