Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Билікке ризашылығын жеткізді

Сайлауалды үгіт-наихат жұмыстары қызу жалғасып жатыр. Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ерлан Байшеков Есік қаласын аралап, тұрғындармен кездесті.

«Еліміздің ең үлкен мерекесі – Тәуелсіздік күні тұрғындармен кездесу өткізуім – мен үшін өте маңызды, әрі жауапты іс. Халықтың көңіл күйі көтеріңкі. Барлығы бір-бірін осынау үлкен мейраммен құттықтап, аспанымыздың әрдайым ашық болуын, көк туымыздың биікте желбіреп тұруын тілеп жатқанына куә болудың өзі бойдағы патриоттық сезімді күшейте түседі. Тұрғындар еліміздің күннен күнге қарыштап дамып келе жатқанын айтып, бүгінгі билікке ризашылығын жеткізді», – дейді кандидат.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлаушыларды ел болашағы үшін сайлауға шақырған Ерлан Байшеков мұндай кездесулердің әлі де жалғасатынын айтты.

0
0
125

Осы тақырып бойынша

Билікке ризашылығын жеткізді - Yvision.kz