Биіктігі 3 метрлік оригами піл
Швейцария тұрғыны суретші, оригами (жапон тілінен аударғанда - «қатты қағаз») жасаудың шебері Сифо Мабона (Sipho Mabona) өлшемі 15x15 метр болатын бір ғана парақ қағаздан пілді жасап шығарды. Биіктігі үш метр болатын пілді жасау үшін 12 адамнан тұратын топқа бір айға жуық уақыт қажет болды. Мабонаның бұл туындысы Швейцарияның Беромюнстер қаласындағы «KKLB» мұражайында тұр.

Сифо Мабона қағаздан ұшақтардың жобасын бес жасынан жасай бастаған. Ол әр жобасына 1 айдан 6 айға дейін уақытын жұмсайды. Жалпы бүктеуге 20 сағатқа жуық уақыт кетеді екен.





Оригами - сәндік-қолданбалы өнердің түрі, қағаздан пішін құрастырудың ежелгі өнері.
Қағаз пілдің кіші үлгісі
