Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бейнеу желілік өндірістік-диспетчерлік станция» ұжымымен онлайн кездесу

NurOtan партиясы Маңғыстау облыстық штаб мүшелері үгіт-насихат жүргізу мақсатында Бейнеу аудандық «Бейнеу желілік өндірістік-диспетчерлік станция» ұжымымен, теміржолшылармен және аудандық КазТрансОйл мекемесі қызметкерлерімен кездесті.

Алдағы уақытта облыстық партия мүшелері аталмыш аудан үшін арнайы жасақталған сайлауалды бағдарламасы негізінде жұмыстанатын болады. Ол үшін NurOtan партиясы келесідей ықпал етуді көздейді:

- Заман талабына сай жаңа темір жол вокзалын салуға;

- 2025 жылға дейін «Атырау-Ақтау», «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы» автомобиль жолдары бойында кемінде 2 кемпинг, 5 тамақтану нүктелерін, жанар-жағар май құю бекетін ашуға;

- «Енбек» бағдарламасы аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыру арқылы жылына кемінде 80 қатысушыға гранттар беру арқылы тұрғындарды өзін-өзі жұмыспен қамтуға ықпал етуді;

- Жыл сайын кемінде жаңадан 1 наубайхана ашуға (қуаттылығы айына 12 тонна өнім);

- Жыл сайын кемінде жаңадан 1 жиһаз дайындау цехын ашуға (қуаттылығы айына 10 дана бұйым) және тағы да бірқатар жобалар іске асырылатын болады.

Құрметті Бейнеу ауданының тұрғындары!

БІЗДІ ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН – ОРТАҚ МАҚСАТ БІРІКТІРЕДІ!

Бейнеу ауданын әрі қарай дамыту бойынша Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды!

БІЗ БІРГЕМІЗ!

#nurotan #nurotanmangystau #nurotanaktau #bizbirgemiz

Берик Ахметов

0
0
184

Осы тақырып бойынша

«Бейнеу желілік өндірістік-диспетчерлік станция» ұжымымен онлайн кездесу - Yvision.kz