Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бейнебаян: Қайрат Нұртас — Шыда жүрек. OST к/ф «Өкініш»

Бейнебаян: Қайрат Нұртас - Шыда жүрек. OST к/ф "Өкініш"

Арманыңа асығасың,
Тасынасың, басыласың.
Әр адамның жайы осылай,
Кімнен нені жасырасың?!
[ http://kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен]

Өмір, өмір, өмір деген,
Кімге бақыт, кімге қайғы?!
Кейде гүлдеп көңіл деген,
Кейде ойыңды мұң қамайды.

Бұл өмірдің сынағы көп.
Шыда бірақ, шыда жүрек.
Ертеңіңнен күдер үзбе,
«Жаным бүгін жылады» — деп.

Өмір, өмір, өмір деген,
Кімге бақыт, кімге қайғы?!
Кейде гүлдеп көңіл деген,
Кейде ойыңды мұң қамайды.

Уақыт сені тыңдамайды,
Қабағына кім қарайды?!
Жігері мол адам ғана,
Көре алады күнді арайлы.

Өмір, өмір, өмір деген,
Кімге бақыт, кімге қайғы?!
Кейде гүлдеп көңіл деген,
Кейде ойыңды мұң қамайды.

Өмір, өмір, өмір деген,
Кімге бақыт, кімге қайғы?!
Кейде гүлдеп көңіл деген,
Кейде ойыңды мұң қамайды.

әні: Қ. Нұртас
сөзі: О. Отар

-1
0
888

Осы тақырып бойынша