Бейімделуге жататын Қостанай облысының әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің мониторингісі бойынша жұмыс жалғастырылуда

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016 – 2018 жылдар) негізгі бағыттарын іске асыру және Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кеңес отырысының хаттамалық тапсырмасының шеңберінде мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен мүгедектердің мұқтаждықтарына нысандарды бейімдеу бойынша сапалы іс-шаралардың жүргізілуіне жұмыс жалғасуда.
Осы мақсатта халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері 2016 жылға бейімдеуге жататын, Лисаков қаласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізді. Мониторинг жүргізу барысында 5 нысан тексерілді және атқарылған жұмыстарда ұсақ кемшіліктер анықталды.
Мониторинг қорытындысы бойынша объектілерге бейімдеу жүргізу кезінде құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес мүгедектердің барлық санаттары үшін бүкіл бейімдеу іс-шараларының кешенін қарастыру ұсынылды.
