Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Бейбітшілік және келісім сарайы" ұжымымен "Мәдениет саласындағы өзекті мәселелер"

Бүгін "Nur Otan" партиясы "Алматы" аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Бейбітшілік және келісім сарайы" ұжымымен "Мәдениет саласындағы өзекті мәселелер" тақырыбында онлайн форматта кездесу өтті.

Бүгінгі күні мәдениет пен мәдени әлеуетті дамыту әлемнің көптеген халықтары мен мемлекеттерінің негізгі даму басымдықтарының қатарына жатады. Мәдениеттің даму деңгейі, жалпыұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтап қалу мен байытуды, сапалы мәдени құндылықтардың жасалуын, таратылуы мен қолданылуын, жемісті мәдени алмасу мен тұлғаның рухани-шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуін қамтамасыз ететін, тиімді жұмыс істейтін мәдени институттар инфрақұрылымы мен тетіктерінің болуы табыстың аса маңызды өлшем шарттарының бірі болып табылады.

Табысты мемлекеттің мәдени саясаты жасампаз құндылық бағдарларын қалыптастыру негізінде қоғамның орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталады және қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық маңызды аспектірлерін дамытудың сапалы өлшемі болып табылады.

0
0
126

Осы тақырып бойынша

"Бейбітшілік және келісім сарайы" ұжымымен "Мәдениет саласындағы өзекті мәселелер" - Yvision.kz