Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бесінші күн

Бесінші күн.  Ал енді, қымбатты достарым, біздің экспедиция әлі де өз жалғасын табуда. Бүгінгі күн біз үшін сәтті өтті десем қателеспейтін шығармын деп ойлаймын. Өмірімде ешқашан бармаған, ешқашан көрмеген "сүт зауытына" бардық. Родина- Астана қаласының ең танымалы сүт өндіретін зауыты. Оны сипаттар алдында сіздерге білген-көргенімді айтайын:

Олар Канада елінен әкелінген сиырларды ұстайды

Шамамен сиыр малының бас саны мыңға жуық (1000)

Оларды ұшақпен алып келген және бір сиырдың бағасы 4000 $

Күніне кем дегенде 24-28 литр сүт береді

Родина зауытында небары 20 адам жұмыс істейді, бірақ бұл көрсеткіш Астана қаласының ең танымал зауыту болуына кедергі келтірмейді

Бұдан кейін әр түрлі адамдармен кездестік (соның біреуі зауыт бастығы), сұхбат ала отырып , зауыттың жұмыс ретін білдік.Мәліметтеді жинақтап болғаннан кейін, сүттің дәм

ін тата жол жүрдік

 

Келесі біздің барған жеріміз "Алғашқы Президент музейі( музей первого президента)" . Бұл жерден өкінішке орай көп мәліметті жинақтай алмадым. Мұндай көрікті жерде не суретке түсіруге не мәліметтерді жазуға болмайды. Әрине әрбір жәдігер өз алдында бағалы. Сондықтан да 1000 рет естігенше 1рет көрген артық. Осындай тамаша жерлерге барып зертегенге не жетсін?!

0
0
402

Осы тақырып бойынша

Бесінші күн - Yvision.kz