ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бес жылда атқарылатын шаралардың Жол картасында нақты белгіленген.

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының онлайн-форматта өткізілген отырысында депутаттық өкілеттік кезеңінде іске асырылатын міндеттер талқыланды. Бұл міндеттер отырыста қабылданған партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша алдағы бес жылда атқарылатын шаралардың Жол картасында нақты белгіленген.

Жол картасына өңірлік әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық салаларға қатысты мақсат-міндеттер, сондай-ақ өңірдің өзекті мәселелерін және облыс тұрғындардың ұсыныс-ескертпелерін оң шешу бойынша шаралар енгізілді.

Жол картасын іске асыру бойынша күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында әр шараның атқарылуына жауапты мекеме, ұйымдар мен іске асыру мерзімдері бекітіліп, жұмыстардың барысына партиялық бақылау жүргізу мақсатында әр шараға партияның депутаттық фракциясы мүшелері қатарынан жауапты тұлғалар белгіленді.

Бұл, әрине барлықтарымызға зор жауапкершілік жүктейтіндігі сөзсіз. Осы орайда, біз ортақ мақсат және ортақ мүдде үшін бірлігімізді сақтай отырып, әр қайсымыз ел игілігі үшін аянбай еңбек жасайтын болсақ, зор шындарды бағындырып, алда тұрған ауқымды да күрделі мақсаттарға қол жеткіземіз.