Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бес түнде 35 жасөспірім ұсталды

Бес түнде 35 жасөспірім ұсталды

Түнде қараусыз жүретін жасөпірімдерді анықтау шарасы жүріп жатыр. Егер кәмелетке толмаған бала түнгі 10-нан таңғы 6-ға дейін ойын-сауық орталықтарында ата-анасыз жүрсе, 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 6 мың 363 теңге айыппұл салынады.

0:00
1:09
21:28, 22 шілде 2016    676

Кезекті рейд кезінде "Сәлем" кафесінен 17 жасар бозбала ұсталды. Ол мұнда даяшы болып жүр. Кафе әкімшілігіне заңнан аттағаны үшін 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл 84 мыңнан астам теңге. Жалпы, 5 күн ішінде 35 бала ұсталып, 4 көңіл көтеру орталығының әкімшілігі жауапқа тартылды.

Баймұрат Көшеров - Ақтау қаласы ІІБ ЖПҚ ювеналдық полиция бөлімінің басшысы

Заң бойынша 16-17 жасар жасөспірімдер тек 6 сағат жұмыс жасай алады. Түнгі сағат 22.00-ге дейін ғана. Егер ол уақыттан кешігетін болса, ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің 132-бабына сай, ойын-сауық орталығының әкімшілігіне хаттама толтырылып, ата-анаға 442-нің 1-бабымен хаттама толтырылады.

 
0
0
379

Осы тақырып бойынша

Бес түнде 35 жасөспірім ұсталды - Yvision.kz