Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бесқұдық ауылында кіреберіс жолдары жөнделеді

Үміткерлер Власенко В, Ерғалиев Ж пен партияның белсенді мүшесі Исмагамбетова Л. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Бесқұдық ауылымен онлайн транцляциясы арқылы кездесу өткізді.

ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

1.Экономикалық тұрақты аудан.

2.Өмір сүруге жайлы аудан.

3.Әлеуметтік-бағытталған аудан.

4.Жастар үшін аудан.

5. Тарих пен мәдениеттің дамуы.

6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.

7.Қауіпсіз аудан.

“Nur Otan” партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында дәл осы 7 даму бағытын айқындады. Оның басты мақсаты - халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсартуға жағдай жасау.

Жолдардың сапасын жақсартамыз.

Жол - әр ауданның өмірінің басты артериясы. Барлық ауылдарда сапалы жолдар және азаматтар үшін жақсы инфрақұрылым болуы керек. Ауылішілік жолдардың ұзындығы 153,3 км құрайды, оның 15,1 км немесе 10,2% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Тұрғындардың сауалына алдағы бес жылда жолдардың сапасын кезең- кезенімен жақсарту жоспарлануда соның ішінде 2021 жылы Бесқұдық ауылында кіреберіс жолдары жөнделеді. Сонымен қатар тұрмыстық жағдайға тоқталды. «Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, баспана алуына жағдай жасау бойынша кешенді шаралар алу қажет деп санайды. Бүгінгі күнге ауданда тұрғын үй алу кезегінде 283 адам тұр.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін «Nur Otan» партиясы:

- Жыл сайын Қобда ауылында ауданы 1000 ш.м. құрайтын 16 арендалық пәтерді салуға;

- 2021 жылы Әлия ауылында ауданы 140 шаршы метр құрайтын 2 пәтерлі тұрғын үй салуға;

- Жыл сайын жеке құрылыс салушылармен жалпы ауданы 6,8 мың шаршы метрді құрайтын 60 жеке тұрғын үй құрылысы есебінен 240 жуық адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 1,2 мыңнан астам аудан тұрғыны баспанамен қамтамасыз етіледі.

Бұл үшін алдағы жылдарда “Nur Otan” партиясы келесі міндеттерді қояды:

- 2023 жылы Қобда ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу;

- 2025 жылға ірі елді мекендерде бөлек тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған 40 контейнер орнату жоспарлануда- деп бағдарламаны түсіндірді.

0
0
177

Осы тақырып бойынша

Бесқұдық ауылында кіреберіс жолдары жөнделеді - Yvision.kz