Берік Оспанов Оңтүстік Қазақстан медициналық колледжі ұжымымен кездесу өткізді.
«Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шарада, партиямыздың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мекеме ұжымы өз кезегінде өздері тұратын елді мекенде атқарылуы тиіс жұмыстарды, өздерін толғандыратын мәселелер мен талап тілектерін жеткізді. Атап айтсақ, бұл елді мекенде балалар ойнайтын аулалар салуды қажет етеді екен. Кандидат бұл мәселелердің бәрі «Nur Otan» партиясының 5 жылдық жұмыс жоспарына енгізілгенін, алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді. Мекеме ұжымы өз кезегінде "Nur Otan" партиясына үлкен сенім білдіретіндіктерін және 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға бір кісідей атсалысатынын айтты.
«Nur Otan» – нақты істер партиясы!
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер!
