Бердібек Сапарбаев мүгедектігі бар азаматтарға Қазақстанда жасалған алғашқы электр жетегімен жүретін
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында елімізде тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электр жетегі бар арбалар өндірісін жолға қоюды жоспарлап отырған «Тыныс» АҚ машина жасау зауытының жұмысымен танысты.
Оңалту қызметтерінің сапасын жақсарту және мүгедектігі бар азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бұған дейін министрлік пен кәсіпорын арасында тиісті келісім жасалған болатын.
Бердібек Сапарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті мүгедектігі бар азаматтарды барлық қажетті техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуді тапсырғанын атап өтті.
«Біздің міндетіміз – мүгедектігі бар жандарды қажетті құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, олар сапалы және қолдануға ыңғайлы болуы керек. Егер бұл үлгілер өздерін жақсы жағынан көрсетіп, барлық талаптарға сай болса, мүгедектігі бар азаматтарды электр жетегімен жүретін арбалармен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қамтамасыз ету мәселесін қарастыратын боламыз. Егер біз Қазақстанда сапалы өнім өндіруді жолға қойсақ, техникалық жабдықтарды импорттаудың қажеттілігі болмайды», - деп атап өтті Сапарбаев.
Электр жетегі бар кресло-арбалардың алғашқы тәжірибелік үлгілері бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедектігі бар Динара Алиева мен Ерлан Ескенге берілді.
«Жаңа үлгідегі электр кресло-арбасы өте ыңғайлы. Мен мұны көптен армандаған едім. Енді бұл арбаның көмегімен өз бетімше қозғала аламын», - деді Динара Алиева.
Зауыт директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, отандық өнімдер шетелдік аналогтарынан кем түспейді. Сынақ сәтті болған жағдайда, кәсіпорын электр арбаларының сериялық өндірісін жолға қоюға ниетті.
Еңбек министрлігі Ақтөбе облысында әлеуметтік портал қызметін пилоттық режимде жүзеге асыруда. Бұл портал мүгедектігі бар азаматтарға оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.
«Тыныс» АҚ зауыты қызметінің негізгі саласы - авиациялық техникаға арналған тораптар мен агрегаттар өндіру болып табылады. Кәсіпорын жылу алмастырғыш жабдықтар, ұшақ өрт сөндіргіштері, температура дабылы, клапандар, электромагниттік және жылу қосқыштар, электронды басқару блоктары, сонымен қатар күш құрылымдарына арналған оқ-дәрілер, сауыттар мен қалқандар және т.б. шығараумен айналысады.
Сонымен қатар, министр Бұланды ауданының Макинск қаласына барып, жұмыспен қамту орталығының жұмыс барысымен танысты.
Бүгінгі таңда ауданда атаулы әлеуметтік көмек алатын 243 отбасы бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Министр жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен, оның ішінде АӘК алатын азаматтармен жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.
«Облыста АӘК алатын 9800 еңбекке қабілетті азамат бар, олардың тек 10 пайызы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жатады. Сіздерге осы бағыттағы жұмысты күшейту керек», - деді Сапарбаев.
Министр труда и социальной защиты населения РК Бердибек Сапарбаев в ходе рабочей поездки в Акмолинскую область ознакомился с работой машиностроительного завода АО «Тыныс», на базе которого впервые в стране планируется наладить выпуск кресел-колясок с электроприводом для лиц с инвалидностью.
Соответсвующее соглашение ранее было заключено между Министерством и предприятием в целях повышения качества реабилитационных услуг и удовлетворения потребностей лиц с инвалидностью.
Бердибек Сапарбаев подчеркнул, что на расширенном заседании правительства Президентом страны дано поручение обеспечить граждан с инвалидностью всеми необходимыми техническими средствами и услугами реабилитации, повысить долю казахстанского содержания.
«Наша обязанность - обеспечить людей с инвалидностью необходимыми средствами и услугами реабилитации. При этом они должны быть качественными и удобными в использовании. Если данные образцы хорошо себя зарекомендуют, будут соответствовать всем требованиями и пожеланиям, мы будем рассматривать вопрос обеспечения лиц с инвалидностью электроколясками в рамках государственного заказа. Зачем нам импортировать техсредства, если мы можем наладить выпуск качественной продукции в Казахстане», - подчеркнул Сапарбаев.
Первые опытные образцы кресел-колясок с электроприводом были вручены Динаре Алиевой и Ерлану Ескен инвалидам первой группы с детства.
«Новая кресло-коляска очень удобная. Я давно о такой мечтала. Теперь с её помощью я смогу самостоятельно передвигаться», - сказала Динара Алиева.
По словам директора завода Кайрата Калманбаева, отечественная продукция не уступает по качеству зарубежным аналогам. В случае успешных испытаний предприятие намерено наладить серийное производство электроколясок.
Министерством в пилотном режиме в Актюбинской области реализован портал социальных услуг, который позволит лицам с инвалидностью самостоятельно выбирать средства и услуги реабилитации.
Основная сфера деятельности завода АО «Тыныс» – производство узлов и агрегатов для авиационной техники. Предприятие выпускает теплообменное оборудование, авиационные огнетушители, сигнализаторы температур, клапаны, электромагнитные переключатели, термореле, электронные блоки управления, а также амуницию для силовых структур, в том числе бронежилеты, щиты и др.
Кроме того, министр посетил город Макинск Буландинского района, где ознакомился с работой центра занятости населения.
На сегодня в районе насчитывается 243 семьи получателей адресной социальной помощи, что в три раза больше, чем в прошлом году. Министр отметил необходимость усиления работы по охвату граждан активными мерами содействия занятости, в том числе получателей АСП.
«В области насчитывается 9800 трудоспособных граждан, получающих АСП, из них лишь 10 процентов подпадают под активные меры содействия занятости. Здесь вам надо усилить работу», - отметил Сапарбаев.
