Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бердібек Сапарбаев батыр аналармен кездесті

Бейсенбі, 16 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналармен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина қатысты.

Кездесу барысында көпбалалы аналарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді. Қолданыстағы жеңілдіктерден басқа- зейнеткерлікке 53 жаста мерзімінен бұрын шығу, жұмыс істемейтін ананың 3 жасқа дейінгі баласының күтімі бойынша кезеңінің еңбек өтіліне қосылуы, салық пен баж салығының кейбір түрлерін төлеуден босату құқығы, тұрғын үйге жеңілдетілген кезекке тұрғызу және мұндай санаттағы азаматтарға мемлекеттік қолдауды күшейтудің қосымша шаралары да қарастырылуда.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілуде. Мәселен, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және табысты арттыру үшін көпбалалы ауылдықтарға жаңа бизнес-идеяларға 505 мың теңге мөлшерінде қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілетін болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар адамдар арасында кәсіпкерлікті дамытуға 5 мың микрокредит беріледі.

Сонымен қатар, көпбалалы аз қамтылған ауылдық отбасылар үшін қажетті мамандықтарға қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылады. Жекелеген жұмыс түрлері бойынша жалақыны субсидиялаумен үйде әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын болады.

Сондай-ақ, Министрлік әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі. Әлеуметтік пакетте жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 11 шара қамтылған.

Әкімдіктердің мәліметінше, 2019 жылы 287 мың бала мектептерде тегін тамақпен, 553 мың адам тегін жол жүрумен, 219 мың оқушы мектеп формасымен және керек-жарақтармен, 30 мыңға жуық бала балабақшаларда орынмен қамтамасыз етіледі, 186 мың бала лагерьге жолдама алады, 460 мыңнан астам адам бір жолғы көмек алады, 5 мың АӘК алушы жұмыспен қамтылады, 5 мың адам тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартады. Жалпы әлеуметтік көмектің барлық түрлерімен 83,1 млрд. теңгеге 821 мың адамды қамту жоспарлануда.

Кездесуге қатысқан көпбалалы аналар «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрғын үй жағдайын жақсарту, жалпы білім беру қоры аясындағы қолдау, санаториялық-курорттық емдеу, медициналық қызмет көрсету, соның ішінде стоматологиялық қызмет көрсету және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын алу туралы сұрақтар қойды.

Сол жерде консультация мен барлық сұрақтар бойынша түсініктеме берілді. Еңбек министрлігінің басшылары ведомство құзыретіне кіретін мәселелерді шешуді жеке бақылауға алды.

Ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған 235 мыңнан астам көпбалалы ана тұрады. Оның 4787-сі Нұр Сұлтанда тұрады.

Бердибек Сапарбаев встретился с матерями-героинями

Министр труда и социальной защиты населения Казахстана Бердибек Сапарбаев в четверг, 16 мая, провел встречу с многодетными матерями, награжденными подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа». Во встрече также приняли участие вице-министры труда и соцзащиты населения Светлана Жакупова, здравоохранения Лязат Актаева, образования и науки Эльмира Суханбердиева, председатель Комитета по делам строительства и ЖКХ Мархабат Жайымбетов, руководитель управления занятости и социальной защиты Нур-Султана Сауле Нургожина.

В ходе встречи многодетных матерей проинформировали о мерах государственной поддержки. Помимо действующих льгот – досрочный выход на пенсию в 53 года, включения в трудовой стаж период ухода неработающей матери за ребенком до 3 лет, право на освобождение от уплаты некоторых видов налогов и пошлин, предоставление льготной очереди на жилье, рассматриваются и дополнительные меры усиления государственной поддержки такой категории граждан.

Вносятся изменения в Госпрограмму развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек». Так, для обеспечения занятости и роста доходов многодетным сельчанам будут предоставляться безвозвратные государственные гранты на новые бизнес-идеи в размере 505 тыс. тенге. Также в текущем году 5 тыс. микрокредитов будут направлены на развитие предпринимательства среди многодетных матерей и лиц с инвалидностью.

Кроме того, для многодетных малообеспеченных сельских семей будет организовано краткосрочное обучение востребованным профессиям. По отдельным видам работ будут созданы социальные рабочие места на дому с субсидированием заработной платы.

Также Министерством разработан единый пакет социальной помощи и услуг, которые будут оказываться малообеспеченным семьям местными исполнительными органами. Соцпакет включает в себя 11 мер социальной поддержки и социальных услуг за счет местного исполнительного органа.

По данным акиматов, в 2019 году 287 тыс. детей будут обеспечены бесплатным питанием в школах, 553 тыс. человек – бесплатным проездом, 219 тыс. школьников – школьной формой и принадлежностями, около 30 тыс. детей – местами в детсадах, 186 тыс. детей получат путевки в лагеря. Свыше 460 тыс. человек получат единовременную помощь, 5 тыс. получателей АСП будут трудоустроены, 5 тыс. человек улучшат жилищные условия через систему жилстройсбережений. В целом всеми видами социальной помощи планируется охватить 821 тыс. человек на сумму 83,1 млрд тенге.

Присутствовавшие на встрече многодетных матерей задавали вопросы касательно улучшения жилищных условий в рамках программы «Бакытты отбасы», оказания поддержки в рамках фонда всеобуча, санаторно-курортного лечения, оказания медицинских услуг, в том числе стоматологических, и получения других мер государственной поддержки.

На месте были проведены консультации, по всем вопросам даны разъяснения. Руководители Минтруда взяли на личный контроль решение вопросов, входящих в компетенцию ведомства.

По состоянию на 1 мая т.г., в Казахстане проживают свыше 235 тысяч многодетных матерей, награжденных подвесками «Алтын алқа», «Күміс алқа», орденами «Материнской славы», получивших ранее звание «Мать-героиня». Из них 4787 проживают в Нур-Султане.

0
0
395

Осы тақырып бойынша

Бердібек Сапарбаев батыр аналармен кездесті - Yvision.kz