Белсенді азаматтар партия қатарына қосылды
-


1 желтоқсан - бүкіл ел, бүкіл Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мақтанышпен атап өтеді.Осы атаулы мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Біздің бүгінгі іс-шарамыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылғаны кездейсоқтық емес. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетіміздің қалыптасуы, дамуы мен өркендеуіне баға жетпес үлес қосты. Тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғым десек артық айтқандық болмас,- деді "Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков.
- Тұңғыш Президент күні қарсаңында партия билетін алдым. «Nur Otan» партиясының мүшесі болу қоғам алдында үлкен жауапкершілікті жүктейді. Алдағы уақытта партия жұмысының ілгерлеуіне өз үлесімді қосатын боламын» - дейді Өскемен қаласы әкімдігінің "№8 орта мектебінің" ұстазы Чехно Жадыра Батырқанқызы.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 53 мыңға жуық партия мүшесі бар, бұл біздің облыстың әрбір 25-ші тұрғын партия мүшесі деген сөз..
