"Белсенді азамат - истории активных партийцев"
"Белсенді азамат - истории активных партийцев"
Ауылымыздың іскер азаматы Нұрмағамбетов Дәурен Қабдығалиұлы есімі бүгінде облысқа белгілі. Ол бірақ атақ жолында емес, абырой жолында тер төгіп келеді. Туған ауылына келіп, осы салаға бет бұрған адал азамат. Адал еңбегінің арқасында абыройға бөленген жанның бүгінде шаруасы ширақ, ісі өнегелі болып отыр. Өйткені, алдына қойған мақсатына жету, ол жолда тынбай еңбек ету, оның жастайынан бойына сіңген дағдысы деуге болады. "Nur Otan" партиясының мүшесі ретінде Президент үндеуіне үн қосып, туған жеріне ат басын бұрып, ата кәсіппен айналысып келеді. Бүгінде ауыл шаңырағын тіктеген азамат туған жерін көркейту мақсатында көптеген игі істерге бастама болып отыр. Ауыл белсенділер қатарындағы азамат жастарға үлгі-өнеге көрсетуде. Ерекше азамат ретінде ауыз толтырып айтардай аға кәсіпкер қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдың мәртебесін биік көтеріп, көркейтуге ат салысуда.
#Белсендіазамат
#Оянауылы
