Байланыс және ақпараттандыру инспекциясындағы кезекті кездесу
Батыс Қазақстан облыстық байланыс және ақпараттандыру инспекциясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен бірлесіп 2017 жылдың 21-ші қыркүйек күні байланыс және ақпараттандыру саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында оқыту-семинар өткізілді.
Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік мекемелердің өкілдері байланыс және ақпараттандыру саласындағы сұрақтарына толығымен жауап берді.
