Байда ауылының тұрғындарымен кездесті
Бүгін 26.12.2020 жылы «Есіктен есікке» акциясымен Байда ауылдық клубында Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидат Мен Шакупов Жұмажан Умирзахович пен аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Амангелді Галиханұлы, Акадил Серікқалиұлы, Нұрлан Утегенов, Қанат Ерболұлы, Эльмира Батырбекқызы, Сандуғаш Гарифуллақызы Байда ауылының тұрғындарымен кездестік. Кездесу барысында «NurOtan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, түсінік жұмыстары жүргіздік. Сонымен қатар түп тереңдету, ауылішілік жолдың жөнделуіне қатысты түрлі өзекті мәселелер көтерілді. Ауыл тұрғындары «NurOtan» партиясын қолдайтындықтарын білдіріп, депутаттарға сәттілік тіледі.

