Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Байбек: Nur Otan праймеризі жастардың өздерін көрсетуіне мүмкіндік береді

Байбек Nur Otan-ның алдағы партияішілік праймеризі жастардың өздерін көрсетулеріне, бәсекелік саяси күресте лидерлік қабілеттерін айқындауларына мүмкіндік береді деп ойлайтынын атап өтті.

Біздің мақсатымыз ­– Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға алда болатын сайлауларға айқын партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін жаңа лидерлерді анықтауда барынша ашық іріктеу өткізу. Бұл үшін Елбасының шешімімен 35 жасқа дейінгі жастарға Nur Otan-ның партиялық тізімдерінде арнайы 20%-тік квота көзделген. Праймериз барысында өз ауданы, қаласы, облысы үшін ең лайықты өкілдер таңдалып алынатынына сенімдімін. Олар белсенді түрде жастардың мүддесін қорғайтын болады, - деді ол.

Оның сөзінше, партияның Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес партияның жас жақтастары бесжылдық "Жастар – Отанға!" Жастар бағдарламасының жобасын әзірледі.

Әлемдік озық тәжірибелерді және еліміздің бүкіл өңірінен жастардан түскен 3 мыңнан астам ұсынысты ескере отырып дайындалған бұл құжат Jas Otan сайтында жарияланды. Бағдарламада жастардың негізгі 5 мәселесі қамтылып, оларды шешу жолдары ұсынылған. Біздің күш-жігеріміз қолжетімді баспана және жас отбасыларға қолдау көрсету, жұмыспен қамту, сапалы білім, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу секілді негізгі мәселелерге жұмылдырылатын болады. Әрбір бағыт бойынша кешенді шаралар әзірленіп, нақты индикаторлар белгіленген. Бағдарламаның түпкілікті нұсқасы Jas Otan алаңында қыркүйекте талқыланатын болады. Сол уақытқа дейін әркім өз ескертулері мен ұсыныстарын енгізе алады. Жастар – еліміздің болашағы! Біз Жастармен Біргеміз!, - деп қорытындылады партия төрағасының орынбасары.

1
0
212

Осы тақырып бойынша

Байбек: Nur Otan праймеризі жастардың өздерін көрсетуіне мүмкіндік береді - Yvision.kz