Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Баянауыл аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы

2020 жыл бəріміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізге өзгеріс əкелді, басымдықтарды өзгертті, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мəжбүр етті жəне біздің мемлекетіміздің басты құндылығы – адам өмірі мен денсаулығы екенін тағы да дəлелдеді.

Қазақстан, əлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ карантин мен шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.

Осы сын-қатерлерге қарамастан «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақты дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашу мен жұмыспен қамтылуды сақтау жəне ауданымызды өмір сүру үшін қауіпсіз əрі жайлы ету үшін барлық күш-жігерін салатын болады. Біз бұған қалай жетуге болатынын нақты білеміз!

БІЗДІ ОРТАҚ МАҚСАТ БІРІКТІРЕДІ – ОЛ ƏРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ

Бүгін азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты мəселелерді шешуді жəне бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Бұл үшін біз жүйелі партиялық қайта жүктеуді жəне партияішілік ашық сайлау – праймериз өткіздік. Партия барлықтарыңызға ашық! Біз Сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз жəне өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз жəне бірге жақсы нəтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

Ауданымыздың одан əрі дамуы бойынша Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды!

Біз біргеміз!

ЖАҒДАЙДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ

Əлемдік коронавирус пандемиясы еліміздің экономикалық жағдайына кері əсерін тигізді, сондықтан 2020 жылы ел Үкіметі дағдарыстың алдын алу бойынша іс-шарларды дайындады. Карантин шараларының енгізілуіне байланысты əлеуметтік көмек көрсетілді:

– мəжбүрлі демалыстағы 5 987 қызметкерлерге 42,5 мың теңгеден төленді;

– халықтың əлеуметтік осал топтарының ішінен 2 300 адам азық-түлік тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды;

– 248 аз қамтылған отбасыға атаулы əлеуметтік көмек көрсетілді,

6 жасқа дейінгі 209 балаға кепілдендірілген əлеуметтік пакеттер берілді.

3 569 адамдың коммуналдық шығындары жабылды. Елбасы бастамасы негізінде «Biz birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 300-ден астам отбасыға азық-түлік себет-

терін жеткізді, 694 адам 50 000 теңгеден алды.

Тұрақтылықты сақтау үшін шағын жəне орта бизнес дағдарыс жағдайында айтарлықтай қолдау көрді:

– 727 кəсіпкерлер мен 510 шаруа қожалықтары салық жеңілдіктерін алды;

– 227 шаруа қожалығы субсидия түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды;

– Жұмыспен қамту жол картасы аясында 5 жобаға 125,7 мың теңге бөлінді;

– «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 15 жобаға 317,2 мың теңге;

– «Еңбек» бағдарламасы аясында 28 жобаға 128,0 мың теңге гранттар мен несиелер бөлінді.

«Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың нақты осы 7 басым бағытын айқындады.

Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен əл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.

1. ЭКОНОМИКАСЫ ТҰРАҚТЫ АУДАН

«Nur Otan» партиясының бағдары тұрақты экономикалық даму жəне халықтың тұрмыс деңгейін арттыру болып табылады.

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРАМЫЗ

Біз аудан əлеуетін халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу жəне сауда кəсіпорындарын дамыту, сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін пайдаланатын боламыз.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

– Қаратомар ауылдық округіндегі («МТС Жайма» ЖШС) бордақылау алаңын 3000 бас ІҚМ-ға дейін кеңейту есебінен мал шаруашылығы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту.

– Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту жəне де мал басын ұлғайту үшін 6 мал шаруашылығы базасын салу арқылы инвестициялар тарту 2021 жылы Ақсаң ауылдық округінде («Абылай» ШҚ, «Еркебұлан» ШҚ), 2022 жылы Сəтбаев ауылдық округінде («Ысманазир» ШҚ), Жаңажол ауылдық округінде («Айдахметов» ШҚ), 2023 жылы Майқайың кентінің ауылдық аймағында («Ант Майқайың» ЖШС жəне «Кристалл» ЖК) .

– 2024 жылы «Жайма» МТС ЖШС базасында Майқайың кентінде ет өңдеу цехын ашу.

– Қайта өңдеудің 4 нысанын: 3 наубайхана (ЖК «Кошанова», ЖК «Агимбеков», ЖК «Шагимов») жəне кондитерлік цехты (ЖК «Тоқпаев») қайта құру қажет.

– Минералды су шығаратын 2 цех ашу («Артэзи» ЖШС жəне ЖК «Сарсенов Асхат»).

Осы жəне басқа да шаралар 2025 жылға қарай агроөнеркəсіптік кешенде 2,1 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орнын ашуға жəне жұмыссыздық деңгейін 4,6%-дан 4,3%-ға дейін төмендетуге қол жеткізеді.

КƏСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ

Ауданда шағын жəне орта бизнес ауыл тұрғындарының əл-ауқатын арттыру мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде басты рөл атқарады.

Партия COVID-19 таралуынан неғұрлым зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП- мен бірлесіп мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңа бизнес субъектілерін ашу үшін де жағдай жасайтын болады. Біздің мақсатымыз кəсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

– «Еңбек» бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 70 грант жəне микрокредит беру арқылы шағын жəне орта бизнестің дамуына ықпал ету.

– 2025 жылға дейін қолданыстағы өндірісті кеңейту бойынша 25 жобаны іске асыруға қол жеткізу («Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында негізгі құралдарды сатып алу жəне мал өсіру).

– «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 35 жобаны іске асыруға ықпал ету.

Кешенді шаралар қабылдау нəтижесінде ауданда бес жыл ішінде 2,1 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Қабылданып жатқан шаралар шағын жəне орта бизнес кəсіпорындарының санын 100 бірлікке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, жұмыспен қамтылғандар саны 3,0 мыңнан астам адамды құрайды.

ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА КӨМЕКТЕСЕМІЗ

Баянауыл курорттық аймағы елдің туристификация картасының басым аумақтарының ТОП-10-на кіреді.

Біздің мақсатымыз – орналастыру орындарының санын ұлғайту, курорттық аймақтардағы демалыс базаларын абаттандыру, көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту есебінен туризм мен қысқы спорт түрлерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

– Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл жəне Біржанкөл көлдеріндегі инфрақұрылымды жақсартуға ықпал ету.

– Мырзашоқы тауының етегіндегі демалыс үйлерінің құрылысын жүргізуге, инфрақұрылымды абаттандыруға ықпал ету.

– Аса ірі іс-шараларды ілгерілетуге, ұйымдастыруға жəне өткізуге ықпал ету.

– Жаңа туристік маршруттардың дамуына ықпал ету.

– 2023 жылға дейін Торайғыр көліне дейін талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізуге, 2024 жылға дейін Александровка (Торайғыр) қосалқы станциясынан Жасыбай демалыс аймағына (13,8 км) дейін кернеуі 35 кВ электр беру əуе желісін салуға, 2025 жылға дейін Жасыбай демалыс аймағында сумен жабдықтау жəне кəріз желілерін (20 км) салуға қол жеткізу.

– Баянауыл ауылында 2022 жылға дейін «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша спорт кешенінің құрылысын салуға қол жеткізу.

Осылайша, аталған іс-шараларды іске асыру туристер ағынын 130 мыңнан 450 мың адамға дейін ұлғай- туға ықпал ететін болады.

1. ЖАЙЛЫ АУДАН

«Nur Otan» партиясы ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Бұл бағытта «Ауыл – ел бесігі» жəне «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғасатын болады.

2025 жылға қарай ауылдардың инфрақұрылымын жаңғырту Баянауыл ауданының барлық тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Нəтижесінде аудан тұрғындары таза су мен сапалы жолдарға, əлеуметтік жəне инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізе алады.

ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ

Ауданда 38 ауылдық елді мекеннен 8 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген, 4 ауылда суды тазарту үшін сүзгісі бар ұңғымалар қондырғыларын пайдаланады, 24 ауылда ұңғымалар жəне 2 ауылда тасымалданатын суды пайдаланады.

Біз 2022 жылға дейін қалған ауылдардың тұрғындарын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

– Қ.Сəтбаев, Ақши ауылдарына су құбырының құрылысын жүргізу.

– Ақмектеп, Жарылғап, Ақши ауылдарындағы КБМ қондырғыларын Александровка, Мұрынтал, Белағаш ауылдарына қайта орнату.

– Бүркітті, Көкдоңбақ, Қойтас, Шоманкөл жəне Біржанкөл ауылдарында шағын КБМ қондырғыларын орнату;

– Баянауыл ауылының Ə.Марғұлан көшесін 2022 жылға дейін орталық су құбырына қосуға қол жеткізу;

– 2022 жылға дейін Шонай ауылына орталық су құбыры құрылысын жүргізу.

Бұл шаралар 2025 жылға қарай аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мəселесін толық шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде 38 ауылдың 25,4 мың тұрғыны бар.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖӨНДЕЙМІЗ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТАМЫЗ

Баянауыл ауданы халқының жайлы тұруы үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай ауданның инфрақұрылымын жақсарту міндетін қойып отыр.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

– Торайғыр, Ұзынбұлақ, Ақсаң, Қаратомар жəне М.Ж.Көпеев ауылдарына талшықты-оптикалық байланыс жүйесін салуға ықпал жасау.

– Баянауыл ауылында (65 км) кəріз жүйесін салу жəне Майқайың кентінде (13,1 км) кəріз желілерін жөндеу бойынша мəселені шешу.

– Баянауыл ауылы мен Майқайың кентінде 2 ҚТҚ полигонының құрылысына қол жеткізу.

– Баянауыл ауылы мен Майқайың кентінде əлеуметтік объектілерде ҚТҚ бөлек жинау үшін контейнерлер орната отырып, қоқысты бөлек жинауды енгізуге ықпал ету.

Бұл шаралар абаттандыру бойынша 20,0 мыңнан астам адамды, оның ішінде ауданның 9,0 мыңнан астам тұрғынын жылумен, электрмен жабдықтау шараларымен қамтуға мүмкіндік береді.

ӨМІР СҮРУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАҚСАРТАМЫЗ

Мемлекет «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа тұрғын үй құрылысын белсенді түрде қолдап отыр, бұл бағдарлама əрбір отбасына қолжетімді болуы тиіс. Ауданда тұрғын үй алу кезегінде əр түрлі санаттағы 361 адам тұр. Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

– Қоныс аударушылар үшін 39 жаңа үй сатып алу мəселесін шешу.

– Майқайың кенті, Баянауыл ауылында көп балалы аналарға арналған 21 үйдің құрылысы мен сатып алынуына қол жеткізу.

– Бірлік ауылындағы коммуналдық 8 пəтерлі үйге күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізу.

Бұл шаралар 2025 жылға қарай 285-тен астам адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТАМЫЗ

Жол – бұл əр аудан өмірінің басты күретамыры. Ауданның барлық ауылдарында сапалы жолдар мен азаматтар үшін жақсы инфрақұрылым болуы тиіс.

«Nur Otan» партиясы ауылішілік жəне аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мəселелерін шешетін болады. Біздің міндетіміз – 2025 жылға қарай жергілікті жолдардың 95%-дан астамын сапалы жөндеуден өткізу.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

– Мырзашоқы тау-шаңғысы кешеніне (3,2 км), Біржанкөл көліне (17,9 км) кірме автомобиль жолдарын жөндеу.

– Бірлік (2021 жыл – 6,2 км), Қаражар, Құндыкөл (2022 жыл – 7 км), Ж.Аймауытов, Жаңатілек (2023 жыл – 9 км.), Қ.Сəтбаев, Мұса Шорман (2024 жыл – 13 км.), Ұзынбұлақ, Баянауыл (2025 жыл – 6 км.), Майқайың кенті (2025 жыл – 7 км.) ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары.

– Аудандық маңызы бар 188 шақырым «Қарашат – Жаңатілек» (20 км), «Баянауыл – Угольное» (26 км), 2022 жылға дейін «Қаражар – Южный» (20 км), 2023 жылға дейін «Баянауыл – Угольное» (18 км), «Қаражар – Южный» (20 км), 2024 жылға дейін «Теңдік – Ұзынбұлақ» (41 км), «Жаңатілек – Жаңа Жайма» (40 км).

Бұл шаралар аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы жəне қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 45%-дан 95%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

3. ƏЛЕУМЕТТІК БАҒЫТТАЛҒАН АУДАН

Азаматтардың əлеуметтік əл-ауқаты ауданның тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші.

Біз білім беру, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға күш саламыз.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН САПАСЫН АРТТЫРАМЫЗ

«Nur Otan» партиясы үшін азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасау басты міндеттердің бірі болып табылады. Алғашқы көмек адамдарға барынша жақын болады.

Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға жəне нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күресу кезеңінде алынған тəжірибе қолданылады.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

– Халықтың ПТР зерттеулеріне еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету, стационарлар базасында жаңа зертханалар ашу.

– Пандемиямен күресу үшін бейінді емес үй-жайлардағы жаңа жəне қайта жаңғыртылған провизорлық госпитальдарды ӨЖЖ аппараттарымен жəне оттегі жабдығымен қамтамасыз ету.

– Халықтың КТ зерттеулеріне қажеттілігін қанағаттандыру, КТ кабинеттерінің тəулік бойы жəне үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында компьютерлік томография аппараттарын сатып алу.

– Медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеуді, көтермелеуді, уəждемелік төлемдер мен үстемеақыларды қаржыландыру схемаларын жетілдіру.

– Коронавирусқа қарсы қорғаныс құралдарын сатып алу: медициналық маскалар, дəрігерлерге арналған арнайы костюмдер жəне басқа заттар.

– Дəрі-дəрмектерді сатып алу.

– Қ.Сəтбаев жəне М.Ж.Көпеев (2021 жыл), М.Шорман, Ақсаң, Жалғызқайың жəне Сұлужон (2022 жыл), Майкөбе жəне Үшқұлын (2023 жыл), Жаңатілек (2025 жыл) ауылдарында медициналық нысандарына күрделі жөндеуді жəне Майқайың кентінің ауылдық учаскелік ауруханасы мен емханасы ғимаратына (2021 жыл) ағымдағы жөндеуді жүргізуге қол жеткізу.

– Құндыкөл, Қ.Сəтбаев, Егіндібұлақ, М.Шорман, Ұзынбұлақ, Ақши, Торайғыр, Ж.Аймауытов, Ж.Шанин, М.Ж.Көпеев, Қаражар, Қаратомар, Бірлік, Лекер, Шөпті- көл, Сұлужон, Майкөбе жəне Жалғызқайың ауылдарында 18 дəріхана пунктерін ашу.

– 9 бірлік санитарлық жəне 1 бірлік қызметтік автокөлік сатып алу (Майқайың кенті, Баянауыл ауылы, Қаратомар ауылы, Жаңатілек ауылы, Қараащы ауылы, Күркелі ауылы, Ұзынбұлақ ауылы, Мəшһүр Жүсіп ауылы, Аймауытов ауылы жəне Құндыкөл ауылы).

Бұл шаралар 2025 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 74,1 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

БІЛІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТАМЫЗ

Сапалы білімге оның барлық деңгейінде қол жеткізуді қамтамасыз ету ауданның одан əрі дамуы үшін маңызды шарт болып табылады. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жəне білім беру сапасын арттыруға баса назар аударылатын болады.

COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес аясында 4358 мектеп оқушысы қашықтықтан оқытудың жаңа форматына көшті.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

– Білім беру мекемелерін қорғау жəне санитарлық-гигиеналық құралдармен (жылу түсіргіштер, санитайзерлер, кілемшелер, маскалар) тұрақты негізде қамтамасыз ету.

– Халықтың əлеуметтік осал топтарынан шыққан барлық балаларды қашықтықтан оқыту үшін компьютерлік техникамен қамтамасыз ету.

– Ақши ауылында 30 орындық шағын орталық салу есебінен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен толық қамту мəселесін шешу.

– «Ұшқын» балабақшасы ғимаратына жөндеу жүргізу (2021 жыл) жəне Бірлік ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратын 40 орындық балабақша етіп қайта жаңарту (2023 жыл).

– Баянауыл №2 мектеп, Майкөбе (2022 жыл) ауылдарындағы мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

– 2025 жылға дейін ауданның барлық мектептерін пəндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника сыныптарымен, жаңа модификация кабинеттерімен (20-ға жуық химия, биология, физика кабинеттері) кезең-кезеңімен жабдықтау.

– М.Ж.Көпеев мектебінің шатырына күрделі жөндеу жүргізу (2021 жыл).

Бұл шаралар 2025 жылға қарай мектеп түлектерінің ҰБТ-ға қатысу пайызын 84%-дан 89%-ға дейін арттыруға жəне мемлекеттік білім гранттарын алған мектеп түлектерінің санын 40%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАЙМЫЗ

Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше назар аударылатын болады.

«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көп балалы жəне аз қамтылған отбасыларды қолдауға жəне олардың азаматтық ұстанымдарын жандандыруға бағытталатын болады.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

– 2025 жылға қарай ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаның 85% қамтамасыз етіледі.

– 2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қосымша өтемдік құралдар мен əлеуметтік қызметтерді онлайн режимінде өз бетінше сатып алуға мүмкіндік беретін əлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізу.

4. АУДАН – ЖАСТАР ҮШІН

Жастар – əрбір мемлекеттің болашағы. Баянауыл ауданында 5 мыңнан астам жастар тұрады.

«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің міндетіміз мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерге тарту жəне орнықтыру, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуы, оның əлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

– «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша кемінде 200 білікті жас мамандарды тартуға ықпал ету.

– Ауданның шаруа қожалықтары жəне ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету. 2025 жылға дейін жаңа жұмыс орындарына жастар арасынан 200-ге жуық адам жұмысқа орналастырылады.

– «Жас кəсіпкер» жастар бизнес бастамалары бағдарламаларын іске асыруға жəне жыл сайын кемінде 30 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуына жəрдемдесу.

– Жастардың өзін-өзі көрсетуі жəне шығармашылық дамуы үшін жағдай жасауға.

– Барлық ауылдық округтерде еріктілер клубтарын құру арқылы еріктілер қозғалысын дамуын көтермелеу.

– Баянауыл ауылында 2022 жылға дейін шаңғы-роллер трассасының құрылысына, 2023 жылға дейін М.Шорман, Құндыкөл, Жалғызқайың, Қаратомар, М.Ж.Көпеев, Қаражар, Шөптікөл, Үшқұлын ауылдары мен Майқайың кентінде хоккей корты бар 9 шағын футбол алаңын салуға қол жеткізу. Қабылданған шаралар 2025 жылға қарай жастар жұмыссыздығы деңгейін 3,2%-дан 2,5%-ға дейін төмендетуге ықпал ететін болады.

5. ТАРИХ ПЕН МƏДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

Баянауыл жері – көптеген белгілі ғалымдардың, жазушылардың, ақындар мен қоғам қайраткерлерінің отаны. Бүгінде Баянауыл ауданында 10-нан астам ұлт өкілдері тұрады, 3 этномəдени бірлестік жұмыс істейді, олар бірлікті, конфессияаралық жəне этносаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосуда.

Бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай мынадай міндеттер қояды:

– «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыруға ықпалдасу. Отбасының рөлін арттыруға жəне отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, мəдени-көпшілік іс-шаралар өткізу.

– Баянауыл ауданының көрнекті тумалары мұрасын насихаттау бойынша келесі жобаларды іске асыру (Қ.Сəтбаевтың 125 жылдығы, Ш.Шоқиннің 110 жылдығы, Ə.Марғұлан, М.Ж.Көпеевтің 165 жылдығы, Ж.Аймауытовтың 135 жылдығы, С.Торайғыровтың 130 жылдығы, Жаяу Мұсаның 190 жылдығы). жəне т.б.).

– Ұлттық бірегейлікті жəне ұлттың мəдени кодын сақтауды насихаттауды, соның ішінде тақырыптық іс-шараларды Қазақстан халқы Ассамблеясы күнін өткізу есебінен жүргізу.

– Бірлікті, конфессияаралық жəне этносаралық келісімді нығайту үшін этномəдени жəне діни бірлестіктерге белсенді қолдау көрсету.

– Ауданның киелі жəне сакралды жерлеріне өлкетану экспедицияларын өткізуге, киелі жерлерді абаттандыруға жəрдемдесу.

– Азаматтық қоғамның дамуына жəне азаматтық белсенділікті жүзеге асыруға ықпал ету.

– Мəдениет нысандарына күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізу: Қызылтау ауылдық округі Ж.Аймауытов ауылдық мəдениет үйі, Сəтбаев ауылдық округі Қараащы ауылдық мəдениет үйі, Ұзынбұлақ ауылдық округі Ақши ауылындағы Мəдениет үйі.

– 2025 жылға дейін Баянауыл ауылында тарихи-өлкетану мұражайының ашылуына ықпал ету.

Қабылданған шаралар бірліктің, саяси тұрақтылық пен рухани келісімнің одан əрі дамуына ықпал ететін болады. Аудан тұрғындары ауданның қоғамдық жəне əлеуметтік өміріне белсенді араласатын болады. Жобаларды іске асыру маңызды əлеуметтік мəселелерді шешуге жəне халықтың əл-ауқатын жақсартуға бағытталатын болады.

6. АШЫҚ ЖƏНЕ ЕСЕП БЕРЕТІН ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАР

Ауданның табысты дамуының кепілі көкейкесті мəселелерді шешу үшін ортақ мүдделерімен біріккен азаматтардың белсенділігі болып табылады.

Бізге мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындары арасындағы өзара қарым-қатынастың мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есептілік жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуға тиіс.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

– Электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 90%-ға дейін жеткізу.

– Онлайн бақылау-касса машиналарын пайдаланатын сауда объектілерінің санын арттыруға ықпал ету.

– Төртінші деңгейдегі бюджетті бөлу кезінде жергілікті қоғамдастықты барынша тарту.

– Аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жəне ескерту бойынша іс-шараларды өткізуде ҮЕҰ əлеуетін іске қосу.

Нəтижесінде, 2025 жылға қарай электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі 90%-ға жетеді.

7. ҚАУІПСІЗ АУДАН

«Nur Otan» партиясының міндеті – ауданды өмір сүруге жайлы етіп қана қоймай, қауіпсіз ету.

«Nur Otan» партиясы құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттырып, бейнебақылау жəне көшелерді жарықтандыру жүйесін дамытатын болады.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

– 10 ауылдық елді мекенде жалпы ұзындығы 27 км көше жарығына жөндеу жүргізу: Ақсаң жəне Қаражар (2021 жыл), Бірлік жəне Ұзынбұлақ (2022 жыл), Қаратомар жəне Егіндібұлақ (2023 жыл), Ж.Аймауытов жəне Құндыкөл (2024 жыл), М.Ж.Көпеев жəне Ақши (2025 жыл).

– 2021 жылы Майқайың кентінде азаматтар көп жиналатын жерлерде 10 бейнебақылау жүйесін орнату туралы;

– Ауданның 8 ауылдық округтерінің (Қаратомар, Жаңатілек, Сəтбаев, Ж.Шанин, Ұзынбұлақ, Мəшһүр Жүсіп Көпеев, Ж.Аймауытов, Құндыкөл ауылдары) учаскелік инспекторларына қызметтік көлік құралдарын сатып алу.

– Ауданның 5 ауылдық округінде (Бірлік, Ж.Аймауытова, М.Ж.Көпеев, Ж.Шанин жəне Қаратомар) ерікті өртке қарсы құрылымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстарын жүргізу.

ҚҰРМЕТТІ БАЯНАУЫЛДЫҚТАР!

Біздің партия Баянауыл ауданы тұрғындарының үміттерін қанағаттандыру, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру жəне халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде əрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.

Біз Сіздерді аудандық мəслихаттағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз.

Біздің бағдарлама Баянауыл ауданын кешенді дамытуға бағытталған. Аудан тұрғындарының жайлы өмір сүруіне арналған əр тараптандырылған, бəсекеге қабілетті экономикамен серпінді дамитын нақты шараларды ұсы- намыз.

Біз идеялармен алмасуға ашық та əзір екенімізді, сондай-ақ ауданның дамуы мен гүлденуі үшін барлық азаматтармен жəне қоғамдық бірлестіктермен кең ынтымақтастықта жұмыс жасауға дайын екендігімізді мəлімдейміз.

«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне жəне əрбір қазақстандықтың əл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастырады. Біз өз алдымызға Сіздің сеніміңізді ақтау міндетін қоямыз.

Біз бірлесе отырып, ауданның əрбір тұрғыны жайлы өмір сүру, даму жəне өзін-өзі жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғам құрамыз.

«Nur Otan» партиясы Баянауыл аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сайлау-2021

0
0
986

Осы тақырып бойынша

Баянауыл аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы - Yvision.kz