Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Байқаушылар

⚡️Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары «AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабына келді

⏺Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі ЕҚЫҰ Бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиясының басшысы Оуэн Мёрфи және саяси мәселелер жөніндегі талдаушы Рашад Ширинов «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабына келді.

⏺Штаб мүшелері оларды үгіт және талдау орталықтарының, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабының және арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.

⏺Жалпы, үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері аманаттықтар 3 446 500 қазақстандық қатысқан 29 200 іс-шара өткізді. Кездесулер барысында сайлаушылардан 27 400-ден астам ұсыныс-пікір жиналды.

#AMANAT2023

#ДауысберAmanat2023

#ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
211

Осы тақырып бойынша

Байқаушылар - Yvision.kz