Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек іссапармен облысымызға ат басын тіреді.
Бүгін "Nur Otan" партиясының Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек іссапармен облысымызға ат басын тіреді.
Бауыржан Қыдырғалиұлы белсенді жастармен кездесуде Сайлауалды науқанындағы жұмыстарына алғыс білдіріп, жастарға беріліп отырған мүмкіндіктерді оның ішінде партиялық тізімде жастарға бөлінген 20%-дық квотаның сақталуын қамтамасыз етуін,
"Жастар-Отанға" бағдарламасы арқылы жастарға жоғары білімге арналған гранттар санын 50% көбейту, студенттер стипендиясын 2 есе өсуі, жас ғалымдарды қолдау бағытында болатын жұмыстарға тоқталып өтті.
Кездесу соңында Бауыржан Қыдырғалиұлы аймақтарға жасаған іссапары бойынша өңірімізде атқарылған жұмыстарға жоғары бағасын беріп, атыраулықтарға үлкен сенім мен ризашылығы ретінде өзінің имидждік жейдесін (бомбер) тарту етті!
Бұл өзіме жүктелген үлкен сенім, зор абырой деп білемін.
Әрбір істе күш біріктіріп, жеңіске бірге жетейік!
#jenimpazbol
#bizbirgemiz
JasOtan Atyrau
#NurOtan
#JasOtan



