Yvision.kz
ru
Разное
399 774 жазбалар42 тіркелуші
Всяко-разно
0
10:34, 04 наурыз 2021

«Батыс Су арнасы» ЖШС қызметкерлеріне онлайн семинар өткізілді

2021 жылдың 4 наурыз күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында БҚО бойынша Мемлекеттік басқару академиясының өкілі Л.Нарушеваның қатысуымен «Батыс Су арнасы» ЖШС қызметкерлері үшін комплаенс қызметтерді дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ISO 37001» онлайн семинар өткізілді.

Е.Ерланұлы квазимемлекеттік сектор жүйесіне комплаенс жүйесін енгізудің мақсаты оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мінез-құлықтың жоғары стандарттарына бейілділігін қалыптастыру, ашық және адал қызмет жүргізу, іскерлік беделді нығайту және ұйымға деген сенімді арттыру екенін хабарлады.

Лаула Нарушева «Қазіргі уақытта еліміздің квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілері бағдарлай алатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша көптеген халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Алайда, көптеген сарапшылардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің шынымен тиімді жүйесін құруға, ең алдымен, ISO 37001 халықаралық стандарты көмектеседі» - деп атап өтті.

0
259
0