Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күні атап өтілді
2018 жылдың 06 желтоқсанда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күніне орай облыстық форум өткізілді.
Шараға аумақтық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ, жоғарғы оқу орындары ректорлары мен студенттер қатысты.
Форум жұмысын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов ашып, өз сөзінде Мемлекет басшысының саяси еркіндігінің арқасында біздің елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудың мақсатты жаңа моделі қалыптасқандығын атап өтті.
Департамент басшысы қатысушылардың назарына уәкілетті орган - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігініңжұмысының негізгі бағыты сыбайлас жемқорлықты ескерту мен алдын-алуға бағытталғанын жеткізді.
Б.Исақов мемлекет пен қоғамның әрекеттесу жағдайында ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігіне қол жеткізе болатындығын айрықша атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға шақырды.
Шара барысында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны қорытындыланып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған байқаулардың жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жолында жыл бойына азаматтық көзқарасын және белсенділігін танытып жүрген азаматтарға және БАҚ өкілдеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
