Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайын талқылады

2016 жылдың 19 қазанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың Батыс Қазақстан облысына қызметтік сапары өтті.

Сапар барысында ол Агенттіктің аймақтық департаменттерінің ұжымымен кездесті. А.Шпекбаев өз сөзінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының алдында тұрған басым міндеттерін және қызметтегі жаңа тәсілдері туралы айтты. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметшілердің өз-өздерін жетілдіруді, бастама білдіруді, кәсіби деңгейін көтеру және халықтың игілігі үшін қызмет қылуды ұсынды.

Содан, «Нұр Отан» партиясының БҚОФ-ның ғимаратында облыс активі, азаматтық қоғам институттарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанның заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында семинар өткізілді.

Шараны облыс әкімі А.Көлгінов ашып, өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша аймақта жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде, А.Шпекбаев елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатырған саясат жөнінде презентация жасап, сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибемен ақпараттандырып, заң нормаларын, жазалау шараларын және құқықбұзушылық болған жағдайдағы оның жолын кесу жөнінде түсіндірді.

«Біз бұрын жемқорлықтың салдарымен күресетін едік, ал енді оның алдын-алу шараларына үлкен екпін жасайтын боламыз. Біздің міндет – мемлекеттік қызметшілердің арасында, сондай-ақ халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру» - деп нақтылады А.Шпекбаев.

Сөз сөйлеу барысында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауға үлкен назар аударылды. Әдеп Кодексін сақтау халықтың мемлекетке деген сенімін көтеруге, мемлекеттік қызметтегі қарым-қатынас мәдениетін көтеруді қалыптастыруға, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуын ескертуге ықпалын тигізетін болады. Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлықтың да маңызды рөлі бар, өйткені мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі тиіс.

Сонымен қатар, А.Шпекбаев мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ, жауапты мемлекеттік қызмет лауазымындағы тұлғаларға қызметтік міндеттерін атқару кезінде сыйлықтар алуға тыйым салынатындығы жөнінде қатысушыларға ескертті. Сыйлықты алған жағдайда 7 күн мерзім ішінде арнайы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыру қажет. Қор сыйлықтан түскен ақшаны республикалық бюджетке аударады.

Шара барысында өңірлер бөлінісінде құқықтық статистика келтіріліп, білім беру, құрылыс және денсаулық сақтау секілді коррупциогендік салалар аталды.  Осыған орай, облыстық Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросы департаменттеріне аталған салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы талдау жасап, нақты ұсыныстар әзірлеумен оларды жою, кейіннен аталған органдардың ұжымына кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Шара аяқталған соң, А.Шпекбаев «Нұр Отан» партиясының облыстық хатшылығында құқық қорғау және жергілікті атқару органдарының бірінші басшыларымен азаматтарды қабылдау шеңберінде аймақ тұрғындарының өтініштерін тыңдады. Қабылдау барысында, ол бірде-бір өтініш қараусыз қалмайтындығын атап өтті.

 
0
0
320

Осы тақырып бойынша

Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайын талқылады - Yvision.kz