Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер «Құдалар» атты драмасын тамашалады

2018 жылдың 23 қарашада Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Құдалар» атты драма (авторы М.Байджиев) қойылды.

Қойылым сюжеті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және заң шеңберінде ғана емес, моральді тұрғыда жемқорлықтың шынайы келбетін ашуға бағытталған.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов арнайы қатысып, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі Агенттікпен жүзеге асырылып жатырған «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының маңыздылығына кеңінен тоқталып, мемлекеттік қызметшілерді мәдени іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды. Сонымен қатар, өңіріміздің белгілі тарихшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жаңабек Жақсығалиев Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының маңыздылығын атап көрсетті.

Сонымен қатар, театрлық қойылымға мемлекеттік органдардың, құқық қорғау жүйесінің қызметкерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықты жалпы қоғамдық қабылдамау-бірлік пен тұрақтылықтың кепілі екендігін насихаттау.

1
0
509

Осы тақырып бойынша

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер «Құдалар» атты драмасын тамашалады - Yvision.kz