Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік органдардың жұмыс уақытынан тыс уақытта қызметтік көліктерін қолдану фактілерін анықтау мақсатында рейдтік шаралар жүргізілді
2017 жылдың 10 маусымда Орал қаласының жолдарында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті өкілдерінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығы» БҚО филиалы және БҚО Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен рейдтік шара ұйымдастырылды.
Рейдтік шараның мақсаты - жұмыс уақытынан тыс уақытта қызметтік көліктерді қолдану фактілерін анықтау болып табылады.
Рейдтік шара барысында облыс пен Орал қаласындаы мемлекеттік органдардың жұмыс уақытынан тыс уақытта қызметтік көліктерін қолдану фактілері анықталды:
- Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына тиесілі Тойота Камри маркалы А/Қ, м/н 079 WK 07;
- Орал қаласы әкімі аппаратына тиесілі Тойота Камри маркалы А/Қ, м/н 011 WK 07;
- Казталов ауданы әкімі аппаратына тиесілі Киа Соренто маркалы А/Қ, м/н 706 АК 07.
Рейдтік шара барысында анықталған фактілер бойынша Департаменттен мемлекеттік органдарға тәртіптік шара қолдану мақсатында ұсыныстар жолданды.
