Батыс Қазақстан облысында ірі кәсіпорындар жұмысшыларымен кездесулер өткізілді
2019 жылдың 20 ақпанда «Родник» ЖШС және Орал трансформатор зауыты қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш, «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының» БҚО бойынша филиалының директоры Ж.Даухарин қатысты.
Шара барысында қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы, мемлекеттік қызметке кіру ережелері және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
