Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батыс Қазақстан облысында«Адал жол!» жобасы басталды

2018 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасында теміржол жолаушылар тасымалы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы шешім жасалған болатын.Келісім аясында «Адал жол» жобалық кеңсесі құрылды.

2018 жылдың 26 қазанында Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен, бизнес құрылымдарының өкілдері, сарапшылар, қоғам белсенділері, Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы, АҚ жолаушылар тасымалы қызметкерлері, көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында темір жолда жолаушылыр тасымалы кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және олардың себептерін анықтау бойынша сұрақтар талқыланды. Жиналыс қорытындысы бойынша «Адал жол» жобалық кеңсесіне ұсыныстар жіберілді.

1
0
502

Осы тақырып бойынша

Батыс Қазақстан облысында«Адал жол!» жобасы басталды - Yvision.kz