Батыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының ұжымымен кездесу

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясындасеминар-кеңесі өткізілді.
Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш, тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ж.Мұратов, және талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерді анықтау бөлімінің басшысы Д.Жақсығали және инспекция ұжымы барлығы 25 адам қатысты.
Өткізілген семинар-кеңесте ҚР қылмыстық Кодекстің новвелалары, департаментпен жүргізілген тексеріс қорытындысы және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, семинар-кеңесбарысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті Тәртіптік кеңесінің қызметі туралы ақпараттандырылды.
Семинар-кеңес қорытындысында қатысушылар мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық қағидатына және жария ақпаратқа еркін қолжетімділікке назар аударды.
