Батыс Қазақстан облысы білім басқармасында онлайн кеңес өтті
Ағымдағы жылдың 18 қазан күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша онлайн режимде семинар өткізілді.
Іс-шараға БҚО білім басқармасы аппаратының қызметкерлері мен басшылары, бағынысты мекемелердің басшылары және аудандық білім беру бөлімі қызметкерлері қатынасты.
Семинар барысында Департамент басшысының орынбасары ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарған арналған Стратегиясының орындалуы және білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, мектеп, колледж директорлары, Орал қаласы мен аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген шаралар туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті
