Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батыс Қазақстан облыстық арнайы мониторингтік тобының кезекті отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі 2020 жылғы 19 тамыздағы қоғамдық бақылауды күшейту туралы кеңесте қойған міндеттерін іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 21 қыркүйекте "ANTIKOR ORTALYGY" сервистік орталығында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды сыртқы талдау мен бағалаудың Батыс Қазақстан облыстық арнайы мониторингтік тобының (бұдан әрі-АМТ) кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н. Самет, БҚО АМТ басшысы В.Колпаков және АМТ мүшелері қатысты.

Отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 20 шілдедегі бұйрығымен бекітілген АМТ туралы жаңартылған ереже шеңберінде топтың одан арғы қызметі мен міндеттері туралы АМТ мүшелерінің қолда бар ұсыныстарын қарады. Сондай-ақ қатысушыларға АМТ-ның жаңа мүшелері таныстырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, Топтың ағымдағы жылдың 4 тоқсанына арналған жұмыс жоспар-кестесін әзірлеу туралы шешім қабылданды. АМТ-ның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны орындау тиімділігін жан-жақты бағалау болып табылатындығы аталып көрсетілді.

1
0
171

Осы тақырып бойынша

Батыс Қазақстан облыстық арнайы мониторингтік тобының кезекті отырысы өтті - Yvision.kz