Батталова Зәуреш Қабылбекқызының қатысуымен кездесу
2017 жылдың 30 мамырда «Нұр Отан» партиясы БҚОФ-ның кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы республикалық мониторингтік тобының мүшесі, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті Батталова Зәуреш Қабылбекқызымен қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кездесу өтті.
Кездесу барысында заң және құқықтық актілерді қабылдау дайындау кезінде сыбайлас жемқорлық сараптамасынан өткізу жөнінде ұсыныс айтылды. Сонымен қатар, заңгерлердің кәсіби біліктілігін ұдайы көтеру мәселесі қозғалды.
Аталған кездесуге қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың мүшелері және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
