"БАТСУ" кірпіш зауытының жұмысшы ұжымымен кездесті.
қиындықтары мен жеңістерді айтып өтті.Я, Қазақстан небір қиын-қыстау кездерді басынан өткерді. Экономикалық құлдырауға жол бермедік. Соған қарамастан еліміздің әр аймағында көптеп жұмыстар жүрді. Мыңдаған құрылыс нысандары бой көтерді. Мектептер, балабақшалар, ауруханалар салынды. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындар ашылды. Ауылдарды дамытып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар енгізілді. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларында ілгерілеушілік байқалды. Білім, денсаулық салаларының сапасын көтеруге баса көңіл бөлінді. Ұстаздардың, дәрігерлердің еңбек жалақысы жыл өткен сайын өсіп келеді. Жастардың, әсіресе, студенттер мен магистранттардың сапалы білім алып шығулары үшін мемлекеттік гранттар көптеп бөлінуде. "Nur Otan" партиясы осы және өзге де жұмыстарды сайлауалды бағдарламасына сәйкес, алдағы бес жылда жүзеге асырады.Жұмысшылармен кездесуде кандидаттар осы мәселелер жөнінде кеңінен сөз етті. Ерікті жастар тарапынан үгіт насихат үнқағаздары таратылып берілді.Аудандық сайлауалды штабының бастығы Әлиасқар Бердімұрат кандидаттармен бірге жүріп, үгіт насихат жұмыстарының өз деңгейінде өтуіне атсалысты.
