ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Басты міндет-ел мүддесі үшін қызмет ету

Бүгінгі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына жасаған үндеуін ерекше ықыласпен тыңдадым.

Бәрімізге мәлім күні кеше елімізде мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп, халық өз таңдауын жасаған болатын. Сайлау науқандарының нәтижесі бойынша Сайлау нәтижесі көрсеткендей халық басым көпшілігі «Nur Otan» партиясын қолдап, жаңа сайланған депутаттарға мол сенім артып отыр. Ендігі алдымызда тұрған басты міндет билік пен халық арасында тығыз байланыс жасап, елдің тұрмыс сапасын жақсарту және Қазақстанды қуатты елге айналдыру жолында тынбай қызмет жасау.

Мемлекет басшысы үндеуінде құқықтық мемлекетті дамыту және азаматтардың билік органдарына сенімін нығайту, тиімді әлеуметтік саясат - мықты және инклюзивті қоғам құру, халықтың әл-ауқатын арттыру, аумақ пен кеңістік тұрғысынан еліміздің теңгерімді дамуын іске асыру, саяси жаңғыру, азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру, жастар саясатын жетілдіру, қайырымдылық қызметін қолдау және адам құқықтарын қорғау секілді 7 бағыт бойынша жұмыс атқаратынымызды айқындап берді.

Бұл бастамалардың барлығы сөзсіз еліміздің одан әрі көркейіп, дамуына бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Әрине бұл игі істер әлеуметтік экономикалық және саяси жаңғыртулардың жалғасы әрі еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылуға үлкен көпір болмақ. Ел перзидентінің үндеуі- еліміздің дамуы мен келешек ұрпақтың жақсы өмір сүруі үшін жасалып жатырған маңызды оқиға деп есептеймін.

Гүлзира Қалиева

Темір аудандық мәслихатының депутаты