Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Басты мақсат – халықтың жағдайын жақсарту

«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған үміткер болып ұсынылған Қайнар Аббасов пен Хайрулла Қожабаев қала тұрғындарымен кездесті. Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткен басқосуда үміткерлер сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы ұсынып отырған бағдарламада «ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ» айқындалып отыр. Атап айтар болсақ, экономикалық тұрақты қала, ыңғайлы қала, әлеуметтік қызметке бағдарланған қала, жастарға арналған қала, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз қала жобалары бойынша атқарылатын жұмыстар бағдарламада кеңінен бағдарланған.

Мұндағы басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.

Басқосуда тұрғындар «Nur Otan» партиясының бағдарламасын қолдайтындығын жеткізді.

0
0
112

Осы тақырып бойынша

Басты мақсат – халықтың жағдайын жақсарту - Yvision.kz