Басты мақсат - халыққа қолайлы жағдай жасау .
2020жыл 12 желтоқсан күні облыстық маслихат депутаттығына кандидат Алия Ақжолтайқызы онлайн форматта тікелей эфирде желі қолданушыларымен кездесті . Алия Ақжолтайқызы өз сөзінде алдағы уақытта атқаратын жұмыстардың маңызды екендігін жеткізді . Сонымен қатар 2021-2025 жылдарға жоспарланған сайлауалды бағдарламамен қысқаша таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Желі қолданушылары көкейтесті сұрақтарын қойып белсенділік танытты.
