«Nur Otan» партиясының Арал аудандық сайлауалды бағдарламасының негізінде ауданды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Аудандық мәслихаттағы 15 депутаттық квотаның 11-і «Nur Otan» партиясына тиесілі болды. Жаңа депутаттық корпуспен бірінші сессия да өтті. Алдағы мақсат – ішкі партиялық іріктеу және сайлау науқанының уақытында тұрғындардан түскен ұсыныс-тілектер негізінде жасылынған бағдарламамыздың толықтай орындалуын бақылауға алу.
Аудандық маслихаттың депутаты болып сайланғандықтан, халықпен жиі кездесемін. Олардың пікірлері, ұсыныстары, әлеуметтік тұрмыстарын жақсартуға деген жоспарларын тыңдап, іске асырылу тетіктерін қарастыруда жұмыс жасаймыз. Қажетті ұсыныс-тілектердің барлығын назарға алып, тиісті шешімдер қабылдау да маңызды. Халық алдындағы міндетіміз айқын. Депутат ретінде мемлекеттік саясаттың орындалуына жете мән беріп, ел игілігі үшін қажет жұмыстың орындалуына мүдделік танытып, елдің өсіп-өркендеуіне күш сала бермекпіз.
Мақсат айқын, жоспар әзірленді, сондықтан одан әрі де бірге еліміздің даму жолында қызмет атқарамыз