Бастауыш партия ұйымының 20 сәуір күні өткен жиналысы.
19 сәуір күні бастау алған «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының кезекті ХХІХ есеп-беру сайлау конференциясын шақыру және БПҰ есеп-беру сайлау кестесін бекіту туралы қаулысына сәйкес қалалық филиал жанындағы 56 бастауыш партия ұйымының 12 бастауыш партия ұйымында Zoom платформасы арқылы жиналыс өткізілді.Бұл жиналыста 29 сәуір күні өтетін ХХІХ есеп-беру сайлау конференциясына қатысатын делегаттарды ұсыну бойынша ұсыныстар қабылданды.
